«Қазақстан халқына» қоры жарты жылда 55 млрд теңге сомасына 12 қайырымдылық бағдарламасын іске қосты
2023 жылдың І жартыжылдығында «Қазақстан халқына» қоры жалпы сомасы 55 млрд теңгеге 12 қайырымдылық бағдарламасы мен жобасын іске қосты. Бұл туралы Қордың Қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысында айтылды.
Жыл басынан бері Қамқоршылық кеңес Қордың «2023-2025 жылдарға арналған онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспарға» қатысуы мақұлдады, 2023 жылға арналған ішкі аудит жоспары бекітілді, Қордың 2022 жылғы жылдық қаржылық есептілігі, Қордың 2022 жылғы жылдық есебі бекітілді, қайырымдылық бағдарламалар мен жобалардың мониторингі бойынша есептер қаралды. Қордың атқарушы органы – Басқарма 31 отырыс өткізді, онда 145 мәселе қаралды.
Барлығы 3466 өтінім мен азаматтардың өтініштері қаралды. 2022 жылдағыдай өтініш берушілердің көпшілігі денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау салалары бойынша Қордың қолданыстағы бағдарламалары мен жобалары аясында көмек сұрап жүгінді.
Есепті кезеңде Қорға 23,4 млрд теңге, оның ішінде жеке тұлға В. В. Анисимовтан 22,3 млрд теңге, «Сәтті Жұлдыз» АҚ-дан 1,05 млрд теңге, жеке тұлғалардан 12,2 млн теңге түсті. Қор 24,6 млрд теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетті.
Денсаулық сақтау саласында 43,6 млрд теңге сомасына қайырымдылық бағдарламалар бекітіліп, іске асырылуда: шалғай өңірлерде жылжымалы медициналық кешендерді құру жөніндегі «QH - Денсаулық жолы» бағдарламасы, онкологиялық медициналық орталықтарды жабдықтармен жарақтандыру жөніндегі «QH-жабдықпен жарақтандыру бөлігінде онкологиялық қызметті дамыту» бағдарлама, «QH балалар нейрохирургиялық қызметін дамыту» бағдарламасы, онкологиялық аурулары бар азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз етуді қаржыландыру.
Бұдан басқа, осыған дейін қабылданған бағдарламалар шеңберінде Қор 173 пациентті дәрілік заттармен қамтамасыз етті, оның ішінде сирек (орфандық) ауыр өмірге қауіп төндіретін және созылмалы аурулары бар – 167 пациент, оның 143–і балалар. 8 пациент елімізде көрсетілмейтін медициналық көмек алуы үшін шетелге жіберілді. Шымкент, Өскемен, Атырау қалаларында ерте араласу орталықтары ашылды. Еліміздің 13 өңіріндегі 28 медициналық ұйымға шала туылған нәрестелерге офтальмологиялық скрининг жүргізу және ретинопатиясын емдеуге арналған жабдықтарды жеткізу аяқталды. С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ университеттік клиникасында 12 науқасқа қасаң қабық трансплантацияланды.
Әлеуметтік қолдау және оңалту саласында 6,03 млрд теңге сомасына оңалту орталықтарын жарақтандыру жөніндегі «QH - Оңалту орталықтары» бағдарламасы, аудандарында оңалту орталықтарын құру жөніндегі «QH Аудандық оңалту орталықтары» бағдарламасы бекітіліп, іске асырылуда.
Білім беру саласында Қамқоршылық кеңес 22,2 млрд теңге сомасына келесідей қайырымдылық бағдарламаларын бекітіп, іске асыруда: өңірлік жоғары оқу орындарының студенттеріне қазақ тілінде контентті құру және аудару жөніндегі «Coursera» - қазақ тілінде» бағдарламасы, лагерьлерде балаларды тегін демалыспен қамтамасыз ету жайлы «QH Жаздық жолдама» жобасы, «QH Ақтөбе облысының шағын жинақталған ауылдық мектептерінің әлеуетін дамыту» және «Ауылдық жерлерде 63 тірек мектептің әлеуетін дамыту» бағдарламасы.
Спорт саласында есепті кезеңде Қамқоршылық кеңес 14 млрд теңге сомаға «Ауылдық жерлерде, моно- және шағын қалаларда жылдам салынатын модульдік спорт залдарын орнату арқылы спорттық инфрақұрылымды дамыту» бағдарламасын бекітті. Осыған дейін қабылданған бағдарлама шеңберінде Қор спортшыларды пара-жеңіл атлетикаға дайындау және қатысу үшін 11 спорттық-жүгіру протездерін дайындауды қаржыландырды, пара-спортшылардың паралимпиадалық командасы құрылды.
2023 жылдың І жартыжылдығында төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсету аясында Қор қайғылы қаңтар оқиғалары барысында зардап шеккен 125 адамға жалпы сомасы 385 млн теңгеге қайырымдылық көмек көрсетті. Абай облысында өрт кезінде қаза тапқандардың отбасыларына жалпы сомасы 127 млн теңге, Петропавл қаласында өрттен зардап шеккендерге 9 млн теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілді. Қостанай облысында өрт салдарынан жанып кеткен лагерьді қалпына келтіру үшін Әулиекөл ауданының Аманқарағай ауылдық округінде 268 850 000 теңге сомасына балалар жазғы лагерін салуға «MyEcoHouse» ЖШС-мен шарт жасалды.
Вам может быть интересно: «Кумис Сеитова стала председателем комитета культуры министерства культуры и спорта РК»