Катонқарағай тауларындағы өртті сөндіру жалғасып жатыр

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында Берел орманшылығының аумағындағы өртті сөндіру жалғасып жатыр, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі сайты.

Өрт жартасты, таулы, жетуі қиын жерлерде тұтанған. 1 700 метрден астам биіктікте шамамен 3 гектар аумақта жекелеген ағаштарды шарпыды.

Орманшылар мен өрт сөндірушілер атпен және ШҚО әуе бөлімшесінің МИ-8 тікұшағының көмегімен жану орнына жетті.

«Қазавиаорманқорғау» МИ-2 тікұшағы әуеден жағдайды үнемі қадағалап отырады.

Қорғаныс министрлігінің Ми-171 және ШҚО әуе бөлімшелерінің МИ-2 тікұшақтары өрт ошақтарына әуеден 19 рет су рет көлемі 50 тоннаға жуық су төкті.

155 орманшы, өрт сөндіруші және жергілікті атқарушы органдар, 13 техника және 3 тікұшақ сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте