Елдегі жел электр стансалары 6 айда 1,9 млрд кВтс электр қуатын өндірген

Елдегі жаңартылатын энергия көздері жарты жылда 3 млрд 350 млн кВтс электр қуатын өндірген

Энергетика министрлігінің мәліметі бойынша, бұл былтырғы жартжылдықтың қорытындысымен салыстырғанда 40% көп.

Жаңартылатын энергия көздерін сала-сала бойынша жіктесек, 6 айдың ішінде жел электр станциялары 1 млрд 910 млн кВтс электр өндірген.

Шағын гидрологиялық электр стансалары 461,8 млн кВтс, күн электр станциялары 976,3 млн кВтс, биоэлектр станциялар 1,8 млн кВтс электр энергиясын өндірген.

Елдегі жаңартылатын энергия көздерінен алты айдың ішінде алынған электр қуатының жалпы өндірілген көлемдегі үлесі – 5,8%.

Айта кетейік, премьер-министр Әлихан Смайылов «Қазақстан-Еуроодақ» диалог платформасының 12-ші отырысында 2030 жылға дейін елімізде жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 15%-ға дейін артатынын айтқан болатын.

«Экология мәселесі – Қазақстан экономикасының орнықты дамуында негізгі басымдықтардың бірі. Мәселен, 2030 жылға қарай еліміз өзінің энергия теңгеріміндегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесін ағымдағы 4,5%-дан 15%-ға дейін арттыруды жоспарлап отыр», - деген болатын Үкімет басшысы.

 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте