Қазақстан жаңалықтар
9 июля 2023, 15:46
Түркістан облысында құстарды ату кезінде қайғылы оқиға болды
Анықталғандай, 8 шілде күні кешке Қазығұрт ауданындағы ЖШС-нің бірінің егіс алқабында жүзім бағында құстарды ату үшін жалданған ер адамның атқан оғы байқаусызда жасөспірімнің басына тиген, деп хабарлайды Polisia.kz.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 104-бабы 1-бөлігі "Абайсызда қазаға ұшырату" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Оқиға орнына Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің басшылығы, аудан прокуроры мен жедел-тергеу тобы бірден келді.
Күдіктіден 12 калибрлі аңшы мылтығы алынды. Сараптама тағайындалды.
Күдікті Сарыағаш ауданының тұрғыны полиция бөліміне жеткізілді. Барлық мән-жайлар анықталып жатыр.
Вам может быть интересно: «Услуги авиаперевозок взлетели в цене на 29% за год в Казахстане»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes