Павлодарда трамвай адамды мерт қылды: Жүргізуші қашып кеткен

Павлодарда трамвай жаяу адамды қағып, мерт қылды. Рельсті көліктің жүргізушісі апат орнынан кетіп қалған, бұл туралы POLISIA.KZ хабарлайды.

«29 маусым күні сағат 22:27 шамасында қала полициясына Мәшһүр Жүсіп – М.Горький көшелерінің қиылысында трамвай вагонының жүргізушісі 58 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткені туралы хабарлама түсті.

Жол апаты салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болды.

Оқиғадан кейін жүргізуші қозғалысын жалғастырып, апат орнынан кетіп қалған.

Осы факті бойынша полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Қажетті сараптамалар тағайындалды. Трамвай анықталды, тексерілді және мөрленді», - делінген полиция мәліметінде.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте