Қарағандыда Ресейдің сақтандыру компаниясы атынан жалған құжаттар жасалған

Қарағандыда көліктің техникалық байқаудан өткені туралы Ресей компаниясы атынан жалған құжаттар сатылып келген, деп хабарлайды Рolisia.kz.

Облыстық Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлеріне қаладағы сақтандыру компанияларының бірінде техникалық байқаудан өткені туралы жалған құжаттар сатылатыны жөнінде ақпарат түскен.

photo

«Полиция қызметкерлері жүргізген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында сақтандыру компанияларының бірінің 35 жастағы менеджері ұсталды.

Айғақ заттар, соның ішінде автокөліктердің техникалық байқаудан өткендігі туралы мөр басылған жалған 24 бланк тәркіленді.

Сондай-ақ күдіктінің тұрғылықты мекенжайынан Ресейдің сақтандыру компаниясының мөрі, Ресей сақтандыру компаниясының 33 бланкі, әртүрлі көліктерге қатысты 30 дана диагностикалық карта, пневматикалық тапанша және екі пышақ тәркіленді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген мәліметте.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте