Energyprom.kz елдегі ең танымал туристік бағыттарды атады.
«Жазғы демалыстың ең танымал бағыттары Щучинск-Бурабай аймағы, Каспий жағалауы мен Алакөл болып тұр», - деп жазылған сарпатамада.
Биыл елдегі курорттарда демалу қазақстандықтарға қымбатқа түсетін түрі бар.
Қонақүйлер мен туристік базаларда, демалыс үйлері мен курорттық аймақтардағы баспана жалдау ақысы бір жылда 30 пайызға жуық өскен.
Қаңтар-наурыз аралығының өзінде бір төсек жалдау ақысы орта есеппен 14,4 мың теңге болды. бір жыл бұрын дұл шама 11,3 мың теңге болатын.
«Ұлттық статистика бюросы жатын орындарын алты санатқа бөліп, баға көрсеткіштерін жариялады. Ешқандай «жұлдызы жоқ» қарапайым қонақйүлердің бұл нарықтағы үлесі – 64,5%. Бұл жерде келушілердің саны емес, берілген бөлмелердің саны есепке алынған. Бұдан кейінгі санаттағы қонақүйлердің бағасы бір жылда 28,7% қымбаттаған.
Туристік базалар мен жазғы үйлерде бір апта демалу бағасы 69,3 мың теңгеге шығуы мүмкін. Бірақ оның ішінде тамақ пен ойын-сауық, ем шаралары кірмейді. Мұндай үйлерде тұтас отбасымен демалу тиімді. Өйткені баланың жасына қарай жеңілдіктер көзделген», - делінген сараптамада.
«Жұлдызы бар» қонақйүлерде баға тіптен қымбаттаған.
«Мысалы, бесжұлдызды қонақүйлерің бағасы бір жылдың ішінде 40,3% қымбаттап отыр. Бір адам бір тәулік үшін орта есеппен 55,8 мың теңге төлейді. Осылайша, елдегі үздік қонақүйлерде бір апта тұру құны маусым айына дейін 390,8 мың теңге болған.
Маусым айында ең қымбат бағалар Щуцинск-Бурабай және Қапшағай су қоймасының жағасындағы демалыс аймағында тіркелген. Қапшағай су қоймасының жағалауында стандартты қонақүйдің бір бөлмесін жалдау үшін 20 мың теңгеден 50 мың теңгеге дейін төлеу керек. Ал люкс-номердің бағасы тәулігіне 119 мың теңгеге дейін барады. Ал Бурабайда бұл ақшаның ішіне скуықтыру шаралары кірмейді, тек тұру ақысы ғана осындай.
Қымбат қонақүйлердің ішіне Каспий жағалауындағы нысандар да кіреді. Шетелдік инветсор Ақтау қаласында бесжұлдызды қонақүй салғаннан бері Маңғыстау облысына шетелден ұшып келетін чартерлік рейстер саны артқан. Мысалы, былтыр Башқұртстан астанасы Уфа қаласынан, биыл Тегеран, Мәскеу, Қазан, Екатеринбург қаласынан чертерлік рейспен келушілер көбейген. Мұндағы ең төменгі баға тәулігіне 32–36 мың теңге, ең жоғары баға тәулігіне 42–48 мың теңге болған. Бірақ бұл бағаның соңғы шегі емес», - деп жазады Energyprom.kz.
Ал Алакөлде екі адамдық стандартты номер бағасы тәулігіне 15–42 мың теңге арасында, жартылай люкс номерлер бағасы 17–64 мың теңге арасында, люкс номерлер бағасы 82 мың теңгеге дейін.
Жылдың бірініші тоқсанында ғана елдегі демалыс базалары мен шипажайлардың, мейманханалардың қызметін 703 мың адам тұтынған.
Бұл былтырғыдан 31,8% артық.
Вам может быть интересно: «Береговая охрана США начала расследовать причины взрыва подводного аппарата Titan»