Қонаевта құрылыс жұмыстарын істеп жүрген африкалық заңсыз мигранттар анықталды
Африкадан келген заңсыз мигранттар Қонаев қаласындағы құрылыстардың бірінде еңбек еткен, деп хабарлайды ІІМ.
«21 маусым күні Қонаев қаласында орналасқан мектептердің бірінде «Мигрант» жедел алдын алу шарасын өткізу барысында ғимаратты жөндеу бойынша заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған Нигерияның - 9, Камерун елінің 2 азаматы анықталды», - деп жазды ведомстводан.
Елде болудың заңдылығын тексеру кезінде Африка елдерінен келген аталған шетелдіктердің Қазақстан Республикасының көші-қоны саласындағы заңнамасын бұза отырып, яғни болу құқығының мерзімі өткеніне (виза ) қарамастан ел аумағында жүргені белгілі болды.
Қазіргі таңда жұмыс берушілерді анықтау және жауапкершілікке тарту жұмыстары жүргізілуде.
Вам может быть интересно: «Всемирная продовольственная программа ООН заявила о нехватке средств для помощи сирийцам»