Қазақстан елшісі Монако князіне сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстанның Франциядағы және Монакодағы қоса атқарушы елшісі Гүлсара Арыстанқұлова Монако князі Альбер II-ге сенім грамоталарын табыс етті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлайды.

Сенім грамоталарын тапсыру рәсімінен кейін өткен сұхбат барысында елші ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізін жеткізіп, Қазақстанның екі ел арасындағы байланыстарды одан әрі кеңейтуге және нығайтуға мүдделілігін растады.

Қазақстандық дипломат Монако князін елдегі ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістермен таныстырып, Қазақстанның халықаралық бастамалары, атап айтқанда 8-9 маусымда өткен Астана халықаралық форумы туралы айтып берді.

Өз кезегінде Монако князі Монако мен Қазақстан арасындағы достық пен жемісті ынтымақтастықты жан-жақты нығайтуға ерекше мән беретінін атап өтіп, президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа елді жаңғырту жөніндегі маңызды өзгерістерді іске асыруда, ал Қазақстан халқына бақ-береке тіледі.

 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте