Астанадағы Айғаным көшесінде көлік қозғалысы шектеледі

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып, Айғаным көшесінде жөндеу жұмысын бастайды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Жөндеу жұмыстарына байланысты осы жылдың 13-15 маусым күндері аралығында Қ.Мұхамедханов көшесінен Қыз Жібек көшесіне дейінгі Айғаным көшесінің учаскесінде көлік қозғалысы толығымен шектелетін болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары жолдардағы кептеліс жағдайларын тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Бұған дейін Астанадағы Жәнібек Тархан көшесінің автожол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары басталғанын жазған едік.

Сонымен қатар жөндеу жұмыстарына байланысты елорданың Тоқтаров көшесіндегі жол учаскесі жабылады.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте