Барлық қызметтердің 75%-ы бір ғана өңір, қаржы орталығы Алматыға тиесілі, деп хабарлайды energyprom.kz
2022 жылдың қаңтар–желтоқсанда ҚР-да жарнама және нарықты зерттеу қызметінің көлемі 355,1 млрд теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан ақшалай 5,8% аз. Бұл ретте ФКИ небәрі 85,4%-ды құрайды, бұл сектордағы қызметтің іс жүзінде 14,6% азайғанын көрсетеді.
Салыстыру үшін: 2021 жылы қызмет көлемі, керісінше, ақшалай 53,3%, ал нақты мәнде 45,3% өсіп, 376,8 млрд теңгені құраған.
Өңірлер бойынша жарнама және нарықты зерттеу қызметінің басым бөлігі дәстүрлі түрде Алматыда көрсетілді: 267,1 млрд теңге, бір жыл бұрын 320 млрд теңге болған еді. Көрсеткіш ақшалай 16,5% азайды. Еліміздегі барлық қызметтердің 75,2%-ы оңтүстік астанаға тиесілі.
Екінші орында 38,6 млрд теңгемен елорда тұр — бір жыл бұрынғыдан құндық мәнде 24,3% көбейген. Үздік үштікті Қарағанды облысы жапты: 19,7 млрд теңге, жылдық өсім 5,4 есе.
Мұндай қызмет ең аз көрсетілген өңірлер Ұлытау, Түркістан және Жетісу облыстары: тиісінше 75,2 млн, 195,5 млн және 364,5 млн теңге.
Көрсетілген қызметтердің барлығы дерлік жарнама агенттіктеріне тиесілі: 81,7% немесе 290,2 млрд теңге, бұл бір жыл бұрынғыдан 16,4% аз.
БАҚ-та жарнаманы орналастыру қызметі 11,6% өсіп, 10 млрд теңгеге жетсе, нарықты және қоғамдық пікірді зерттеу қызметі 2,7 есе өсіп, 54,8 млрд теңгеге жетті.
Қазақстан блогерлердің жарнамадан түскен табысына салық салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Вам может быть интересно: «Роналду готов разорвать контракт и покинуть Саудовскую Аравию»