Қазақстан мен Сингапур қызметтердің еркін саудасы және инвестициялар туралы келісімге қол қойды
Келісім қызметтердің кіші секторларының 92 түрі бойынша өзара преференциялық қолжетімділікті белгілеуді, инвестицияларды жүзеге асыру үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасауды көздейді, сондай-ақ халықаралық тәжірибеге сәйкес инвесторларды жоғары деңгейде қорғауды қамтамасыз етеді.
Бүгінгі таңда Қазақстан мен Сингапур арасындағы екіжақты сауда белсенді түрде дамып келеді, 2022 жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы $1,9 млрд болды. Өткен жылы қызметтер айналымы $10,4 млн болып, ал Сингапурдан Қазақстанға құйылған тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 2017-2021 жылдары 9,3%-ға 61,4-тен $67,2 млн-ға өскен.
Келісімге қол қою екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі кеңейтуге, серіктес ел нарығындағы отандық қызметтер экспортын ұлғайтуға, қызмет көрсету саласында неғұрлым қолайлы жағдай жасауға және отандық жеткізушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, инвестициялар ағынын ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Вам может быть интересно: «Министр иностранных дел Дании: Индия, Китай и Бразилия должны участвовать в возможном мирном саммите по Украине»