Ақтөбе облысында бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Ақтөбе облысында бопсалаумен айналысып келген қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Рolisia.kz.
Полиция қызметкерлеріне облыс аумағында қылмыстық топ бопсалаумен айналысатыны туралы ақпарат түскен. Анықталғандай, олар кәсіпкерден қомақты сома бопсалаған, сондай-ақ «Тойота Камри» автокөлігін өз аттарына аударуды талап еткен.
«Биылғы 16 мамырда жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері Ақтөбе облысының төрт тұрғынын ұстады.
Ұсталғандардан патрондары бар 2 травматикалық тапанша мен пышақ тәркіленді. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 3-бөлігі (»бопсалау«) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталғандар қамауға алынды», - делінген полиция мәліметінде.
Вам может быть интересно: «Первый за четыре года рейс из Москвы приземлился в Тбилиси»