Президент CNPC компаниясының басқарма төрағасы Дай Хоулянды қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев China National Petroleum Corporation компаниясының басқарма төрағасы Дай Хоулянды қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Кездесу барысында энергетика саласындағы ынтымақтастық және мұнай мен газды тасымалдау, қайта өңдеу мәселелері талқыланды.
Президентке CNPC компаниясының Қазақстан тарапымен өзара іс-әрекеттерді нығайту жөніндегі жоспары туралы мәлімет берілді. Атап айтқанда, Шымкент мұнай өңдеу зауытының өндірістік қуатын арттыру, Қазақстан-Қытай мұнай құбырының өткізу мүмкіндіктерін күшейту және басқа да мәселелер қарастырылып жатыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев CNPC компаниясы Қазақстанның энергетика саласындағы бұрыннан келе жатқан стратегиялық серіктесі екенін атап өтті.
Вам может быть интересно: «ВМО: в ближайшие пять лет средняя мировая температура побьет новые рекорды»