Мысыр инвесторлары Қазақстандағы жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытуда
Каирде «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ және Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы елшілігінің өкілдері мысырлық компаниялармен бірқатар келіссөздер жүргізді.
Египет Араб Республикасына сапары барысында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Араб мемлекеттеріндегі шетелдік өкілі Құрманғали Аманқосов «GAFI» (Еркін экономикалық аймақтарды және инвестицияларды басқару агенттігі) департаментінің директоры Ахмедом Зохаирмен кездесіп екіжақты ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылады. Кездесуде Қазақстандағы шетелдік инвесторларды мемлекеттік қолдау шаралары таныстырылып, мүдделі бизнес өкілдерімен тұрақты негізде іс-шаралар өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.
Сонымен қатар, сапар барысында Orascom, EIPICO, Nasser Trade and Investment company, BioEnergy, Egyptra сияқты компаниялардың басшылығымен кездесіп, жаңартылатын энергия көздері, фармацевтика, ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу салаларындағы ықтимал жобаларды талқылады.
Осылайша, дәстүрлі және жаңартылатын электр энергиясын, құрылыс материалдарын өндіру, қайта өңдеу және су ресурстарын басқару салаларында 70 жылдық тәжірибесі бар Orascom Construction компаниясының жобаларды әзірлеу жөніндегі директоры Мохамед Али Йехиямен кездесуде энергетика, жол инфрақұрылымын дамыту және Қазақстан Республикасының аумағында тұщыту зауытының құрылысы жобаларын жүзеге асыру мүмкіндігі талқыланды. Бүгінде компания Қазақстанда жел электр станцияларының құрылысына қызығушылық танытуда. Бірінші мақсат – қуаттылығы 250-500 МВт болатын бірқатар нысандарды салу.
EIPICO бас менеджері Иосри Эльшейхпен кездесу барысында фармацевтикалық өнімдер шығаратын бірлескен кәсіпорындар құру жобаларын жүзеге асыру мәселелері талқыланды. EIPICO Египет фармацевтикалық экспортында 1-ші орында және 400-ден астам дәрі-дәрмек түрлерін шығарады.
Сондай-ақ, электр қуатын, трансформаторлар мен кабель өнімдерін шығаратын Египеттің ірі өндірушісі Elsewedy Electric жел және күн электр станцияларын салу, трансформаторлар, кабель және сым бұйымдары мен керек-жарақтарын шығаруды жолға қою бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүдделі.
Өткізілген кездесулер Қазақстан мен Египет арасындағы экономиканың түрлі салаларындағы ынтымақтастығын кеңейтуге және екі мемлекет арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етеді.
Вам может быть интересно: «Қосшыда 5 жасар баланың терезеден құлап кетуіне байланысты полиция іс қозғады»