Бурабайда казино заңгері коррупция үшін сотталды

Ақмола облысының Бурабай ауданында Казиноның заңгері пара бергені үшін сотталды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

«Биылғы 2 мамырда Бурабай аудандық сотының үкімімен казиноның заңгері қомақты мөлшерде пара бергені үшін сотталды, оған жиырма еселенген мөлшерде айыппұл салынды. Айыппұл сомасы 184,5 млн теңгені құрады.

Ол прокуратура қызметкеріне казиноның қаржылық қызметіне тексеру нәтижелері бойынша оң шешім шығарғаны үшін 20 мың АҚШ доллары көлемінде пара беруде кінәлі деп танылды.

Сотталған тұлға мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ», - делінген мәліметте.

 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте