Бақытжан Омаров ҚДБ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды
Бақыт Омаров «Қазақстанның даму банкі» (ҚДБ) АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Ол бұған дейін ҚДБ-ның аналитика бағытындағы басқарушы директоры лауазымын атқарды. Бұл туралы ҚДБ-нің қоғаммен байланыс қызметі хабарлайды.
Жаңа қызметінде Бақытжан Омаров тәуекел менеджменті мен бизнес-процестер бағытына жетекшілік етеді.
Б. Байділдәұлы 1977 жылдың 28 сәуірінде дүниеге келген. Алматы экономика және статистика институтын «экономист-бухгалтер» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Қаржы секторында 20 жылдық жұмыс тәжірибесі бар, оның 15-інде Қазақстанның даму банкінде еңбек етті.
ҚДБ-дегі еңбек жолын 2008 жылы бас тәуекел-менеджер қызметінен бастады. 7 жылдам астам уақыт кредиттік блокта жұмыс істеп, 2019 жылдың сәуірінен басқарушы директор болып тағайындалды.
«Қазақстанның даму банкі» АҚ – Қазақстан аумағындағы ірі өндірістік және инфрақұрылым нысандарын дамытуға және қаржыландыруға маманданған ұлттық даму институты.
Вам может быть интересно: «Байден приветствовал новоизбранного главу Всемирного банка»