Қазақстан жаңалықтар
3 мая 2023, 12:48
ФИФА президенті Джанни Инфантино Қазақстанға жұмыс сапарымен келді
ФИФА президенті Джанни Инфантино жұмыс сапарымен Астанаға ұшып келді, деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі.
Ресми сапары барысында Халықаралық футбол федерациясы басшысының Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуі жоспарланған.
Сондай-ақ, Инфантино Қазақстан футбол федерациясы манежінде оқушылар арасында өтетін Ұлттық қыздар лигасының ашылу салтанатына қатысады.
Сонымен қатар, ФИФА және ҚФФ президенттері елімізде футболды дамыту бойынша бірлескен жобаларды іске асыру бойынша бірқатар мәселені талқылайды.
Айта кетейік, бұл – Джанни Инфантиноның ФИФА басшысы ретіндегі Қазақстанға алғашқы сапары.
Вам может быть интересно: «Более 6,1 тыс. этнических казахов получили статус кандаса с начала года»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes