Астанада балабақшалардың бірінен өрт шықты, деп хабарлайды қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
«2 мамыр күні сағат 15:29-да Астана қаласы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшесіне Хлудов көшесі, 1 мекенжайында балабақша өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер балабақша шатырының жанып жатқанын анықтады. Құтқарушылар дереу адамдарды іздеуге кірісті. Балабақша әкімшілігінің айтуынша, барлық баланы өрт сөндіру қызметі келгенге дейін эвакуациялаған», - делінген хабарламада.
Өрт сөндіру қызметі оқиға орнында жұмысын жалғастырып жатыр.
Вам может быть интересно: «Байден призывает Конгресс принять меры для избежания дефолта без каких-либо условий»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes