Астанада ат спортынан Халықтар бірлігі кубогы өтеді

Астанада Қазақстан халқының Бірлігі күніне орай конкур пәнінен ат спорты бойынша Халықтар бірлігі Кубогының Гран-приі өтеді. Елорда тұрғындары мен қонақтары қатысушылардың қойылымдарын тамашалауға шақырылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Еліміздің Алматы, Астана, Қарағанды қаларымен қатар Алматы облысынан шалт қимылдайтын шабандоздарымыз 1-2 мамыр күндері «Арғымақ» ат-сауықтыру спорт кешенінде кіл мықтыларды анықтайды.

Көсіле шабатын сәйгүліктеріміз биіктігі мен күрделілігіне орай сайыстың 6 бағдары бойынша сынға түседі.

Жарыс кестесі:

01.05.2023 ж.

Бірінші санат - «4 жастағы жас жылқылар жарысы, 90 см-ге дейін»
Екінші санат - «5 жастағы жас жылқылар жарысы, 110 см-ге дейін»
Төртінші санат - «Әуесқойлар санаты, 100см»

02.05.2023 ж.

Үшінші санат - «6 жастағы жас жылқылар жарысы, 120 см-ге дейін»
Бесінші санат - «12 -15 жастағы балалар санаты, 110см»
Алтыншы санат - «Халықтар бірлігі кубогына арналған гран при, 130см»
Жарыстың жалпы жүлде қоры 12 000 000 теңге.

Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен және Астана қаласының Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлерінің Федерациясының ұйымдастыруымен өтеді.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте