Семейде 40-қа жуық үйдің қасбетіне күрделі жөндеу жүргізіледі
Семейде үйлердің қасбеттерін жөндеу жұмысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Семей қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Биыл Семей қаласында 40-қа жуық үйдің қасбетін күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда. Оған 4 мердігер ұйым жұмылдырылады.
«Үйлердің сырттарын тек бояп қана қоймай, күрделі жөндеуден өткізу керек. Қазіргі таңда үйлердің сылақ қабырғалары құлап жатыр. Қасбеттерді жөндеу кезінде осыған мән берген дұрыс. Боялған қабырғалардың түсі ұзақ жылдар бойы сақталуы шарт» деді Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов мердігер ұйымдардың басшыларына.
Қала әкімдігінің мәліметінше, биыл шаһардағы Абай, Шәкәрім, Қ.Сәтбаев, Ш.Уәлиханов, Ә.Найманбаев, Мәңгілік ел, Ұранхаев, Б.Момышұлы, Қ.Мұхамедханов, Ибраев көшелері мен №1 ықшамаудандағы 32 тұрғын үйге жөндеу жүргізіледі.
Вам может быть интересно: «Совет по молодежной политике обсудил Комплексный план борьбы с наркоманией и наркобизнесом»