Алматының орталығындағы дәмхананың жазғы террасасы сот шешімі бойынша бұзылады

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың Медеу ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында Төле би көшесі, 24 б мекенжайында орналасқан «Lova Kitchen» дәмханасының жанынан салынып жатқан қосалқы нысанның заңдылығына қатысты сұрақ қойылған еді.

Қала әкімінің тапсырмасы бойынша Алматы қала құрылысын бақылау басқармасы жоспардан тыс тексеру жүргізіп, жазғы терраса заңсыз салынған қосалқы нысанда орналасқаны анықталды. Сонымен қатар, террассаны салу кезінде мемлекеттік қордағы тротуардың бір бөлігі пайдаланылған.

Қала құрылысын бақылау басқармасы меншік иесін әкімшілік жауапкершілікке тартты. «Қамқор-Орталық» ЖШС қатысты материалдар әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жіберілді.

ӘҚБІжМАС-тың 27.12.2022 жылғы қаулысымен «Қамқор-Центр» ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды және заңсыз тұрғызылған құрылыс мәжбүрлі түрде сүріліп, әкімшілік айыппұл өндірілді.

Меншік иесі шешімге қарсы шықты, алайда Алматы қалалық сотының қаулысымен ӘҚБІжМАС-тың қаулысы өзгеріссіз қалды.

Бүгін сот орындаушыларының қатысуымен заңсыз тұрғызылған нысанды сүру басталды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте