Қазақстан мен Алжир көпжақты ынтымақтастықты дамытуда

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш Алжир Халық Демократиялық Республикасының Қазақстандағы Елшісі Камал Фенишпен кездесті, деп хабарлайды СІМ. 

Сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен Алжир арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылап, өзара іс-қимылдың барлық бағыттары бойынша екіжақты байланыстарды одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар екі ел арасындағы әріптестікті жаңа сапалы деңгейге көтеру мақсатында сыртқы саяси мекемелер арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі ілгерілету бойынша уағдаластыққа қол жеткізді.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте