ҚР АШМ: жыл соңына дейін АӨК саласында құны 536 млрд теңге болатын 291 инвестициялық жоба іске қосылады
«HAS Holding» қаржы пирамидасын ұйымдастырған бір топ тұлғалардың заңсыз әрекеттерін ҚМА Павлодар облысы бойынша департаменті анықтады.
Ұйымдастырушылар сенгіш азаматтарды инвестицияланған соманың 70 пайызына дейін пассивті ай сайынғы табысқа уәде беріп, ақшаларын түрлі инвестициялық жобаларға салуға шақырды.
Бұл қаржы пирамидасы өзін Қытайдан тауарларды сатып алу және оларды Қазақстанда сатумен байланысты сыртқы экономикалық қызметпен айналысатын компания ретінде көрсетті.
Салымшылармен «Upgrade-AS», «Holding AS», «XAS-Logistic», «light-AS» және басқа да компаниялардың атынан келісім-шарттар жасалды.
Салымшылар үшін міндетті шарттардың бірі «Q-mart» еншілес дүкенінен 180 000 теңгеге Қытайдан әкелінді делінетін тұрмыстық тауарларды сатып алу болды.
Пирамиданың тұрақты жұмысының көрінісін жасау үшін алынған ақшаның бір бөлігі салымшыларға сыйақы төлеуге бағытталды. Алайда ұйымдастырушылар салымшыларды алған сыйақысын қайта инвестициялауға, яғни пирамидаға қайта салуға шақырды.
Сонымен қатар, қатысушыларды көбірек тарту үшін әрбір жаңа салымшы үшін оның салған сомасының 5 пайызы төленді.
Ұйымдастырушылар әлеуметтік желілерде жалған акцияларды ұйымдастырып, Астана мен Қосшыда көпқабатты үйлер салғанын көрсетіп, құрылыс декорациясы жасалып, арнайы техника жалданды.
Алынған ақшаның негізгі бөлігі пирамиданы ұйымдастырушылардың қалтасына түскені анықталды. Салымшылардан алынған ақшаға сатып алынған бірқатар жылжымалы және жылжымайтын мүлік (жер телімдері, пәтерлер, автокөліктер) ұйымдастырушылар мен олардың жақын туыстарының атына рәсімделген.
Аталған қылмысты жасады деген күдікпен қаржы пирамидасын ұйымдастырушы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, оған қатысты соттың санкциясымен «қамау» бұлтартпау шарасы таңдалды.
Вам может быть интересно: «Қазақы ит тұқымдарының стандарттары бекітілді»