Президент Астана қаласы соттарының судьяларын тағайындады

Астана қаласы соттарының судьялары тағайындалды, деп хабарлайды елорда сотының ресми сайты.

ҚР Президентінің Жарлығымен Астана соттарының судьялары болып тағайындалды:

1. Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы болып Сағидолдина Нұргүл Өмірбекқызы;

2. Астана қаласы Есіл аудандық сотының судьясы болып Бекішева Камила Болатовна;

3. Астана қаласының кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы болып Сайдулдинова Ғалия Әмірғазиновна;

4. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы болып Тасымбетов Сейфулла Зәкәрияұлы.

5. Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы болып Нұрбеков Диас Серікбайұлы.

6. Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары болып Әбенова Айжан Шайморданқызы, Әлімбетов Айдос Сәрсенбекұлы, Есжанова Шынаргүл Енсепбайқызы, Исқалиева Асылғаным Сатыбалдықызы.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте