Шымкентте мамандар көпқабатты үйдің жер сілкінісіне қаншалықты төтеп беретінін тексеріп жатыр
Шымкентте вибродинамикалық сынақ жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының мамандары BKN GROUP құрылыс компаниясының тапсырысына сәйкес Шымкент қаласының Қаратау ауданындағы 9 қабатты тұрғын үйдің 3 қабатты фрагментіне тербелісті-динамикалық, сондай-ақ статикалық сынақ жүргізуді қолға алды.
Бұл ретте сынақтан өткізіліп жатқан ғимараттың құрылымдық схемасы көлденең еден дискілерімен біріктірілген байланыстырушы қаңқа түрінде қабылданғанын айта кетейік.
Сынақ В3 үлгідегі вибродинамикалық қондырғы арқылы бірнеше кезең бойы жүргізіледі.
Оның нәтижесінде алынған мәліметтер өңделіп, тиісті талдау жасалып жатыр. Аталған сынақтың қорытынды көрсеткіштері тапсырыс берушіге жіберіледі.
Вам может быть интересно: «Оценка владельца TikTok снизилась на четверть с осени 2022 года»