Ақтөбе көшелерінен 210 мың текше метр қар шығарылды

Ақтөбеде су тасқынын болдырмау мақсатында жедел шаралар қабылдануда, деп хабарлайды  өңір әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Шанхай және Мәскеу ықшамаудандарының көшелерінде тәулік бойы қар шығару және еріген қар суын сору жұмыстары жүзеге асуда. Мердігер ұйымдардың өкілдері аймақ әкімі Ералы Тоғжановқа жұмыстарға тартылған техника мен бригадалардың саны туралы баяндады. Қазір күшейтілген режимде екі ауысымда қала көшелерінде 14 мердігер жұмыс істеуде. Жұмылдырылған арнайы техниканың саны 243-ке дейін артты», - деп жазылған хабарламада.

Жалпы, қыс басталғалы полигонға 210 мың текше метр қар шығарылған, 7 наурыздан бастап қала көшелерінен 17 мың текше метрге жуық еріген қар суы сорылды, 2 шақырым арық тазартылды.

Су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте