Түркістан облысында күдіктіден шолақ мылтық пен оқтар тәркіленді

 Түркістан облысында күдіктіден шолақ мылтық пен оқтар тәркіленді, деп хабарлайды  облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Түркістан облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасына атыс қаруын заңсыз сақтау дерегі бойынша жедел ақпарат түскен. Қылмысты ашу мақсатында тәжірибелі полицейлер жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде күдікті ретінде жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды.

Жедел уәкілдер күдікті мен оның «Дэу Нексия» маркалы автокөлігін тінту кезінде қос ұңғылы шолақ мылтық пен 3 оқ тапты.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша тіркелді. Автокөлік айыптұраққа қойылды.

Қазіргі уақытта қаруды заңсыз сақтау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте