Елордада пәтерден ер адамның мәйіті табылды

 Астанада тұрғын үй пәтерінен ер адамның мүрдесі табылды және пышақталған әйел ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«26 ақпан күні Астана қаласы Полиция департаментінің «102» арнасына пәтерден ер адамның денесі табылғаны және пышақ жарақатын алған әйелдің ауруханаға жеткізілгені туралы хабар келіп түсті», - делінген ресми хабарламада.

Полиция департаметінің ақпаратына сәйкес, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сонымен қатар қажетті сараптамалар тағайындалды.

ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеруге қатысты мәліметтер жария етілмейді.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте