СІМ-де Әзербайжанмен көпжақты форматтағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш Әзербайжанның елшісі Агалар Атамоглановпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар көпжақты платформалар, атап айтқанда Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК), Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ), Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) және т.б. ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Тараптар сондай-ақ Баку қаласында саммит форматында өтетін COVID-19-ға қарсы күрес бойынша Қосылмау қозғалысы байланыс тобының отырысын, Түркістан қаласындағы 10-шы ТМҰ саммитін, Нуакшот қаласындағы ИЫҰ Сыртқы істер министрлерінің кеңесін өткізуге дайындық барысы туралы пікір алмасты.

Дипломаттар ынтымақтастықтың көпжақты форматтар шеңберінде тығыз байланыста болуға келісті.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте