Елорда жатақханасында тұратын 25 адам газдан уланып қалды

 Елордада жатақханада тұратын 25 адам, оның ішінде 9 бала газдан уланып қалды, деп хабарлайды ТЖМ.

«21 ақпанда таңғы 8 сағат 50 минутта 103 жедел жәрдемнен 4-қабатты жеке жатақхананың бірнеше бөлмесінің тұрғындарының улы газбен улануы туралы хабарлама түсті. 25 адам, оның ішінде 9 бала улы газбен уланған», -делінген хабарламада.

Бүгінгі күні уланудың себебін нақтылау және анықтау үшін оқиға орнына анықтаушы және сынақ зерттеу өрт зертханасы жіберілді.

Алдын ала себеп – қатты отынмен жұмыс істейтін жылыту пешінің істен шығуы. Тұрғын үйді жатақханаға өзгерткен. Объект өрт автоматикасы жүйелерімен жабдықталмаған. Тұрғын үйді жатақханаға ауыстыруға арналған құжаттар жоқ.

 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте