Назарбаев зияткерлік мектептері Jusan-ды елге қайтаруға қатысты мәлімдеме жасады
«Назарбаев зияткерлік мектептері» қаржыландыру көзі туралы мәлімдеме жасады.
Ведомствоның хабарламасына сенсек, зияткерлік мектептер негізінен мемлекет бөлетін қаражат есебінен өз жұмысын жалғастырып жатыр.
Дербес білім беру ұйымын бюджеттік қаржыландыру тұрақты жүріп жатыр.
«Сонымен қатар зияткерлік мектептерді одан әрі дамыту үшін бюджеттен тыс қаражат есебінен қаржыландыру үлесін біртіндеп ұлғайту жоспарланған. Бюджеттен тыс қаржыландыруды ұлғайту зияткерлік мектептердегі білім сапасын жақсартуға, оқушылар мен педагогтер үшін білім беру процесінің жайлылығын арттыруға мүмкіндік береді деп болжанған болатын. Бюджеттен тыс көздерден қаржыландырудың болмауы белгілі бір дәрежеде NIS экожүйесінің одан әрі серпінді даму мүмкіндіктерін шектейді» деп мәлім етті ұйым.
«Назарбаев зияткерлік мектептері» Jusan тобына қатысты іс бойынша прокуратурамен тығыз байланыста.
«Мәселенің соңы бүкіл республикадағы зияткерлік мектептер оқушыларының пайдасына шешіледі деп сенеміз» дейді НЗМ.
Вам может быть интересно: «Credit Suisse выплатил $210 млн богатейшему миллиардеру Грузии Иванишвили»