Көкшетауда жанармай құю бекетінде жарылыс болып, оператор қаза тапты

Көкшетауда жанар-жағармай құю бекетінде жарылыс болып, 35 жастағы оператор көз жұмды, деп хабарлайды Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға бүгін 16 ақпанда Көкшетау қаласының Солтүстік индустриялық аймағындағы «Qazaqoil» жанар-жағармай құю стансасының аумағында болған.

Жанармай тасымалдайтын екі цистерна жанып кетті.

«Өрт 11:05-те оқшауланып, 20 минут ішінде толық жойылды. Өрт аумағы 35 шаршы метрді құрады. Өрт салдарынан жанармай құю бекетінің операторы 1988 жылғы ер адам қаза тапты. Өрттің шығу себебі анықталуда», - деді ведомстводан.

Айта кетсек, мұның алдында «Астана-Петропавл» тасжолында көлік өртеніп кеткен еді.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте