АЭС құрылысы: Алматы облысының Жамбыл ауданында қоғамдық тыңдау өтеді
28 ақпан күні сағат 11:00-де Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Үлкен ауылы орта мектебінің акт залында АЭС құрылысы туралы көпшілік алдында тыңдау өтеді. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» қорының ресми телеграм каналы хабарлайды.
«Жергілікті тұрғындардың жоба туралы пікір білдіріп, арнайы қатысатын сарапшыларға сұрақ қою мүмкіндігі болады.
Кездесу ұйымдастырушысы – Алматы облысындағы Жамбыл ауданының әкімдігі. Ақпараттық қолдау білдіруші – «Самұрық-Қазына» қоры. Біз іс-шараның ашық өтуін қамтамасыз етеміз.
Кездесуді Қордың YouTube және Instagram парақшаларынан тікелей эфирде көруге болады. Сонымен қатар, іс-шараға оффлайн қатысуға болады. Ол үшін Үлкен ауылына ең жақын деген Шығанақ теміржол станциясына келуіңіз керек (жол шығынын қатысушының өзі төлейді)», - делінген хабарламада.
Вам может быть интересно: «Вспышка дифтерии в Нигерии унесла жизни 40 человек»