Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашын болады
Қазақстанның кей аймақтарында қар жауады, елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар жаууы мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМҚ.
Қазақстанның басым бөлігіне антициклон ықпал етеді, тек батыстағы аудандар батыстан шығысқа қарай ығысып келе жатқан циклонның ықпалында болады.
Соның әсерінен республиканың жекелеген аудандарында қар жауады, елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар жауады. 16-18 ақпанда оңтүстік пен оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда нөсер жауын мен қалың қар түсуі мүмкін. Республиканың оңтүстік бөлігінде көктайғақ болып, таулы және тау баурайындағы аудандарда тұман түседі. Республиканың солтүстігінде жел күшейіп, жаяу бұрқасын болады.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстанның сегіз өңірінде ескерту жариялады.
Вам может быть интересно: «ООН призвала выделить $397 млн на помощь Сирии в ликвидации последствий землетрясений»