Ақтауда зейнетақы қорындағы жинағын ақшалай алып беремін деп 16 адамды алдаған алаяқ ұсталды

Ақтауда 16 тұрғыннан 22 млн теңге алған алаяқ ұсталды. Ол адамдарды зейнетақы қорындағы жинағын ақшалай алып беремін және мұнай компанияларына жұмысқа тұрғызамын деп сендірген. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті

Өзін «Мейірбек» деп таныстырып келген Қарағанды облысының тұрғыны 46 жастағы әйел болып шықты.

«Ақтау қаласы Полиция басқармасы қызметкерлерімен жедел іздестіру нәтижесінде 46 жастағы әйел адам ұсталып, қамауға алынды. Қазір аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі 4- тармағымен бірнеше рет алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр» делінген баспасөз мәліметінде.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте