Министр Саясат Нұрбек 2023 жылғы қысқы Универсиада жүлдегерлерін қарсы алды

Министр Саясат Нұрбек Астана қаласының әуежайында 2023 жылғы қысқы универсиададан жеңіспен оралған студент-спортшыларды қарсы алды.

«Біздің студенттік құрама қысқы Универсиадада керемет нәтиже көрсетті. 11 отандық жоғары оқу орнынан 78 спортшы 10 спорт түрінен жарысып, 11 медаль жеңіп алды. Биатлоншылар екі «алтын», «күміс» және «қола» жеңіп алды. Трамплиннен секірушілер де жақсы өнер көрсетіп, отандық құраманың қоржынына тағы бір «алтын» мен «күміс» әкелді. Біздің шорт-трек спортшылары мен шаңғышылар да ерекшеленді. Сондай-ақ, шайбалы хоккей командасын ерекше атап өткім келеді. Олар топтық кезеңде үздіктердің қатарында болды. Ал «қола» үшін ойында Универсиада көшбасшылары – жапондықтарды жеңді. Барлық жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймын», - деп атап өтті министр Саясат Нұрбек.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте