Қазақстан жаңалықтар
27 декабря 2022, 09:01
Ит-мысығын ветеринарға жиі апаратындар Астана мен Таразда тұрады
Биылғы қаңтар-қыркүйекте Қазақстанда ветеринариялық қызмет саласында көрсетілген қызметтер көлемі 33 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,4%-ға артық.
Ұлттық статбюро мәліметінше, бұл қызмет түрі ауылдық жерлерде 13 млрд теңгеге көрсетілген.
Өңірлік бөліністе қызметтердің ең көп көлемі елордада көрсетілген. Астанада осы жылдың 9 айында 3,9 млрд теңгеге қызмет көрсетілді.
Сондай-ақ, айтарлықтай көлем Жамбыл (2,7 млрд теңге), Түркістан (2,4 млрд теңге) және Ақмола облыстарында (2,3 млрд теңге) тіркелді.
Ветеринария саласындағы қызмет көлемі Ұлытау облысында ең аз - 362 млн теңге.
Вам может быть интересно: «Фильм «Аватар: Путь воды» собрал более $850 млн в мировом прокате»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes