Қазақстаннан Пәкістанға тікелей әуе қатынасы ашылады, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитеті.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қатысуымен Қазақстан мен Пәкістан арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі 11-отырыс өтті.
«Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Пәкістанның авиациялық билігі арасында келісімге қол қойылды. Уағдаластықтар негізінде 2023 жылғы наурыздан бастап Алматы – Лахор (аптасына 2 рейс) және Алматы – Карачи (аптасына 2 рейс) бағыттары бойынша тікелей жолаушылар рейстерін ашу жоспарланған»,- делінген хабарламада.
Вам может быть интересно: «Правительство Швеции ожидает, что рецессия продлится до 2025 года»