Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Сергей Морозов UFC-де үшінші мәрте жеңіске жетті
Қазақстандық спортшы Сергей Морозов (18-5) Лас-Вегаста өткен UFC Fight Night 216 аралас жекпе-жек турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Sports.kz.
Морозов америкалық Джорни Ньюсонға (10-3) қарсы шықты. Ең жеңіл салмақтағы бұл кездесу үш раундқа есептелген болатын және онда төрешілердің бірауыздан шешімімен қазақстандық спортшы жеңіске жетті.
Осылайша, ММА-дегі кәсіби мансабында 12-ші жеңісіне қол жеткізді. Ал Джорни Ньюсон 4-ші рет жеңілді. UFC-дегі жарысқа келетін болсақ, бұл Морозовтың промоушндегі үшінші жеңісі (екі рет жеңілді), ал Ньюсон болса үшінші рет жеңіліс тауып отыр (әзірге ол тек бір рет қана жеңіске жетті. Оның тағы бір кездесуі орындалмаған болып есептелді).
Вам может быть интересно: «ВБ выделит Узбекистану около $1 млрд для выполнения стратегических реформ»