Коронавирус жұқтырғандардың тәуліктік көрсеткіші өсуде

 Қазақстанда бір тәулікте 218 адам – коронавирус инфекциясына, 11 адам коронавирус пневмониясына шалдықты, бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды.

10 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 1 725 адам коронавирус инфекциясынан (–1 510+ және 215 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 263 пациент стационарда, 1 462 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 7 адамның жағдайы ауыр,
• 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Еске салайық, 9 желтоқсанда бір тәулікте 203 адам – коронавирус инфекциясына, 13 адам коронавирус пневмониясына шалдықты.

 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте