Депозитке 10% өтемақы: Екі миллион қазақстандық өтінім берген

2 миллион қазақстандық теңгелік депозиттен өтемақы алуға келісімін берді, деп хабарлайды Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры.

23 қарашадағы жағдай бойынша тек 2 миллион салымшы банктерде өтемақы алуға келісімін растаған. Бұл теңгедегі депозиттерді қорғау бағдарламасының талаптарына сәйкес келетін салымшылардың жалпы санының 39% құрайды. Негізінен, басым көпшілігі депозиттерінде ірі сомадағы қаражатыбар тұлғалар болды.

Айта кетсек, өтемақы 2022 жылдың 23 ақпанынан 2023 жылдың 23 ақпанына дейін депозитте болған ең төменгі сома бойынша төленетін болады. 10% сыйақы мөлшерлемесінің сыртында төленеді. Өтеуге болатын ең жоғары сома – 20 миллион теңге. Өтінішті 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін беруге болады.

Бұған дейін, 1,5 миллионнан астам салымшы депозит бойынша 10 пайыздық өтемақы алуға өтініш білдірді.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте