ҚР Сауда және интеграция вице-министрі тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Қайрат Такирұлы Балықбаев ҚР Сауда және интеграция вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қайрат Балықбаев1982 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Халықаралық бизнес академиясын, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы жекеменшік компанияның менеджері болып бастаған.

2006-2009 жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ құрылымында әртүрлі лауазымдарды атқарды.

2011-2016 жылдары – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ департаментінің директоры, басқарушы директоры, ақпараттық технологиялар жөніндегі вице-президенті.

2017-2018 жылдары – ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі.

2019-2021 жылдары – «KazEnergy» ЗТҚ бас директорының штаттан тыс кеңесшісі.

2021 жылдың ақпан айынан қазіргі уақытқа дейін Еуразиялық даму банкі Цифрлық бастамалар дирекциясының басқарушы директоры қызметін атқарды.

 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте