Қазақстанда Өзбекстанның мәдениет күндері өтті

Қазақстанда Өзбекстанның мәдениет күндері өтті. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінен мәлім етті.

Қазақстан мен Өзбекстан арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шаралар аясында дөңгелек үстел отырыстары, көрмелер мен шеберлік сабақтар ұйымдастырылды. Сондай-ақ қазақстандық көрерменге қазақ тілінде тифлокомментарийлері бар «Шай» қысқаметражды фильмі ұсынылды. Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрында өткен гала-концертте Өзбекстан Республикасының жетекші солистері мен шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте