Қазақстан жаңалықтар
16 ноября 2022, 09:46
Бір тәулікте коронавирус пен пневмонияға 70 адам шалдықты – министрлік
Өткен бір тәулікте Қазақстанда 60 адамнан – коронавирус, 10 адамнан коронавирус белгілері бар пневмония анықталды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
16 қарашадағы мәлімет бойынша, ел өңірлерінде коронавиурстан – 584 (КВИ+), коронавирус пневмониясынан - 163 (КВИ-), барлығы 747 науқас емделіп жатыр. Олардың ішінде 86 пациент стационарда, 661-і амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 5 адамның жағдайы ауыр;
- 2 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Вам может быть интересно: «Зеленский изложил свой мирный план участникам саммита «Большой двадцатки»»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter