Қазақстан мен Түркия әскери ынтымақтастығы аясында келер жылдың жоспары бекітілді
Елордада ҚР Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығының жетекшілігімен қазақ-түрік елдерінің штабтық келіссөздері өтті. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлайды.
Халықаралық әскери ынтымақтастық құрылымдарының басшылары екі елдің қорғаныс министрлері мен бас штаб бастықтарының кездесулерінің қорытындылары бойынша тапсырмалардың іске асырылу барысын, әскери білім беруді, оқу-жаттығуларға қатысуды, түрлі салаларда тәжірибе алмасумен қоса, ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен келешектегі бағыттарын талқылады.
Нәтижесінде 2023 жылға арналған жоспарға қол қойылды. Сапар барысында түрік елінен келген қонақтар Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи мұражайына да барып қайтты.
Вам может быть интересно: «Әлихан Смайылов заңнаманы бизнеске қойылатын артық талаптардан «тазартуды» тездетуді тапсырды»