15 жасар Зара Дәркен алғаш рет ересектер арасындағы жарыстың негізгі кезеңіне жолдама алды

Ересектер арасындағы ITF пен WTA турында рейтингі жоқ жас спортшымыз Италияның Соларино қаласында өтіп жатқан ITF World Tennis Tour W15 жарысының іріктеу кезеңінен сүрінбей өтті, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Бірінші айналымда Зара италиялық Джорджи Паттиді 6:1, 6:2 есебімен жеңді, ал іріктеу кезеңінің финалында ол тағы бір жергілікті теннисші Камилла Лерволинодан 6:1, 6:4 есебімен басым түсті.

Негізгі кезеңнің алғашқы айналымында Ақтөбе теннис мектебінің түлегі 25 жастағы британ спортшысы Абигейл Амоспен кездеспек. Амос әлем рейтингіндегі 1236-орынға ие.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте