Қазақстан жаңалықтар
24 октября 2022, 18:10
Президент газ және энергетика мәселелері жөнінде шұғыл кеңес өткізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен газ және энергетика мәселелері жөнінде шұғыл кеңесі өтті, Ақорда деп хабарлайды.
Жиын барысында еліміздің энергетикалық жүйесінің қазіргі жағдайы қарастырылды, сонымен қатар қысқы жылыту маусымына қатысты мәселелерге айрықша көңіл бөлінді. Энергетика министрі Болат Ақшолақов баяндама жасады.
Кеңес қорытындысы бойынша Президент еліміздің энергетика жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ жаңа қуат өндіруші көздерді дамытуға бағытталған кешенді шаралар әзірлеуді тапсырды.
Вам может быть интересно: «2021 жылы жұмыс күші 2 есеге артты — Дүйсенова»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes