Қазақстан жаңалықтар
24 октября 2022, 11:22
Қазақстан еркін күрестен жастар арасындағы әлем чемпионатында екі қола жеңіп алды
Қазақстан құрамасы Испанияның Понтеведр қаласында еркін күрестен жастар арасындағы әлем чемпионатында қоржынын медальдармен толықтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Спорт Шредингера» Telegram-каналына сілтеме жасап.
Әлішер Ерғали (125 келіге дейін) және Асыл Айтақын (61 келіге дейін) 23 жасқа дейін еркін күрестен ӘЧ-2022 қола жүлдегері атанды.
Асыл «қола» үшін күресте грузиндік Рамаза Турманидзені жеңсе, Әлішер венгр Милан Корксогтан басым түсіп, медаль алды.
Бұған дейін хабарланғандай, Дәулет Ергеш 79 келіге дейінгі салмақта біріншіліктің күміс жүлдесін иеленді, ал грек-рим күресінен Олжас Сұлтан 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль жеңіп алды.
Вам может быть интересно: «2021 жылы жұмыс күші 2 есеге артты — Дүйсенова»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes