Паратаеквондо: Қазақстандықтар әлемдік гран-при сериясынан 3 медаль иеленді
Қазақстандықтар Манчесьерде паратаеквондодан әлемдік Гран-при сериясынан бір «күміс» және бір «қола» жүлде алды, деп хабарлайды Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорттық даярлау орталығы.
Жарыста Нұрлан Домбаев (80 келіге дейін) және Нышан Өмірәлі (+80 келі) күміс медаль, ал Камиля Досмалова 57 келіге дейінгі санатта қола медаль жеңіп алды. Жүлдегерлер К-44 сыныбында өнер көрсетті.
«Манчестерде (Ұлыбритания) паратаеквондодан әлемдік Гран-При сериясының үшінші кезеңі аяқталды, оған 27 елден 82 спортшы қатысты. Гран-при сериясындағы жарыстарға әлемнің ең үздік спортшылары ғана қатыса алады. Біздің пара таеквондошылар Нұрлан Домбаев, Камиля Досмалова және Нышан Өмірәлі өздерінің салмақ дәрежелері бойынша үздік спортшылардың қатарына кіреді», - деп атап өтті Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорттық даярлау орталығы командасының басшысы Мерей Бигарин.
Вам может быть интересно: «2021 жылы жұмыс күші 2 есеге артты — Дүйсенова»